Еліміздегі құрылыс нысандарының «жеке сәйкестендіру нөмірі» болады
Еліміздегі құрылыс нысандарының «жеке сәйкестендіру нөмірі» болады. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты. Яғни, нысандарға бірыңғай кадастрлық нөмір беріледі. Қала құрылысы кадастры қызметтің ашықтығын, жобаларды әзірлеу мен іске асырудың сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Үкімет басшысы 2023 жылдың соңына дейін мемлекеттік қала құрылысы кадастрын толығымен ензізуді және автоматтандыруды тапсырды. Жүйені инвентаризациялау үлесін жыл соңына дейін 75 пайызға, ал 2024 жылға қарай 100 пайызға жеткізу қажеттігін айтты. Қала құрылысы сараптамасы шаһарларда бейберекет және сапасыз құрылыстарды тоқтатуға да бағытталған.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Мемлекет басшысының Жолдауында халық пен бизнеске жер учаскелері мен инженерлік схемалар туралы ашық ақпарат беру қажеттігі туралы айтылған болатын. Сол үшін бүкіл ел аумағы бойынша бірыңғай қала кадастр мен сараптамасы енгізіліп жатыр. Жер учаскелері мен инфрақұрылым желілерінің интерактивті картасы дайындалуда. Ол тұрғындар мен кәсіпорындарға инженерлік және коммуналдық нысандарға жедел қосылуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02