Оралда бір-бірімен төбелескен төрт ресейлік елден шығарылды
Оралда түнгі клубтың жанында бір-бірімен төбелескен төрт ресейлік елден шығарылды. Полиция қызметкерлері олардың жанжал кезінде мас болғанын анықтады. Барлығы да бөлімшеге жеткізіліп, бұзақылық жасағаны және жұрттың мазасын алғаны үшін бес тәулікке қамалды. Кейін әкімшілік сот заңды бұзғаны үшін төрт ресейлікті ел аумағынан шығару туралы шешім шығарды. Олардың үшеуі – Саратов облысының тұрғыны. Тағы біреуі Уфа қаласынан келген екен. Бүгін полиция қызметкерлері шетелдіктерді шекарадан ары асырды.
Лунара Аманғалиева, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекші маманы:
Материалдар жинақталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік құқық бұзу кодексінің 434, 440, 437 (тыныштықты бұзу) баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02