Қазақстанның стратегиялық институты қабырғасында жас сарапшылар бас қосты
Дарынды жастарға - даңғыл жол. Қазақстанның стратегиялық институты қабырғасында жас сарапшылар бас қосты. «Қазақстанның болашақ келбеті» бағдарламасы аясында білім алған жастар осыған дейін қауымдастық құру, мәлімет жинау, оны талдау бойынша тәжірибелерін шыңдаған болатын. Әлеуметтік-саяси, экономикалық, халықаралық бағыттар бойынша білімдерін толықтырды. Жетекші сарапшылар мен ғалымдардан дәріс алды. Басқосуда жас сарапшыларға білім беру хабының сертификаттары табысталды. Кездесуге Астана, Алматы, Тараз, Семейдегі жоғары оқу орындар, ғылыми орталықтар мен мемлекеттік органдардың өкілдері де қатысты.
Еркін Тұқымов, ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директоры:
Қазір дарынды жастар арасында бәсекелестік жоғары. Бағдарлама жалғасын табады. Оған қатысушылардың жасын 40 жасқа дейін көтердік. Бүгінгі таңда 30 адамды оқыттық, олардың арасынан 15-ін іріктеп гранттар беретін боламыз. Жұмысқа орналастыру бойынша да қолдау көрсетеміз.
Әйгерім Бақтиярова, бағдарламаға қатысушы:
Ғылыммен айналысып қана қоймай, ағылшынша айтсақ «Нетворкинг» деген бар. Ол жас сарапшылардың ортасында пікір алмасу. Неше түрлі проблемаларды көтеру. Соның шешу жолдарын іздеу. Бұл мектептің жалғыз маған ғана емес, жас сарапшыларға берген көмегі зор деп ойлаймын
Дарын Сағитов
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02