Қарағандыда жол ақысы 150 теңгеге қымбаттайды
Қарағандыда қазанның 15-нен бастап қоғамдық көлікте жол жүру құны 150 теңге болады. Бұл қолма-қол ақшамен есеп айырысатын жолаушыларға қатысты. Ал, «оңай» картасы барлар бұрынғыдай 80 теңгемен жүреді. Қалада күнделікті қоғамдық көлікпен қатынайтындар саны 200 мыңнан асып жығылады. 60 проценті жеңілдік картасын алған. «Ендігі мақсат- электронды төлем үлесін 90 процентке жеткізу», - дейді мамандар. Бұл автобустардағы жүктемені бақылап, тасымалдаушыларға субсидия бөлу үшін маңызды. Қазір барлық қоғамдық көлікке валидаторлар орнатылды.
Әлібек Дүйсембеков, Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:
Жеңілдетілген тарифтер оқушылар үшін 40 теңге, зейнеткерлер үшін 50 теңге, әлеуметтік санаттар үшін тегін жол жүру картамент төлеген кезде ғана жарамды болады. Егер билетке ақша төленбесе штраф салынады, 2 АЕК, ол заң жүзінде.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02