Мүмкіндігі шектеулі балаларға жоғары блім алу үшін барлық жағдай жасалады
Мүмкіндігі шектеулі балаларға жоғары блім алу үшін барлық жағдай жасалады. Ғылым және жоғары білім министрі оқу орындарындағы мүмкіндігі шектеулі оқытушылармен және министрлік өкілдерімен кездесу өткізіп, инклюзивті білім беруді дамыту жайын талқылады. Отырысқа депутаттар, кәсіпкерлер мен қайырымдылық қорларының басшылары да қатысты. Министрдің айтуынша қазір еліміздің университеттерінде ерекше білім беруді қажет ететін мың жарымнан астам студент бар. ҰБТ тапсыру кезінде оларға қолайлы жағдай жасалып, конкурстан сәтті өтуге мүмкіндік берілген. Жатақханаға орналастыру кезінде де басымдық біріледі. Тіпті оларды оқытып, көмек көрсететін арнайы кадрлар даярланбақ.
Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:
Біздің мақсатымыз біздің салада тек инфрақұрылым тұрғысынан емес, толыққанды педагогикалық кадрларды оқыту, лобараторияларымызды, оқу-әдістемелік материалдарымызды яғни арнайы орталықтарды жаратып, кез-келген мүмкіндігі шектеулі азаматқа толыққанды жағдай жасау.
Досжан Маратұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Басты дебат – 2026» өз мәресіне жетті
19.08.2026, 23:05
Ертеңнен бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді
19.08.2026, 20:09
ПИК қайта тіркеуден өтпесе, үйді кім басқарады?
19.08.2026, 20:07
Құрылтай сайлауына 4 күн қалды
19.08.2026, 20:05
Сайлау күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
19.08.2026, 20:05
Партиялардың соңғы теледебаты басталды
19.08.2026, 20:04
eGov GPT: Цифрлық қызметтер саны 150-ге дейін артады
19.08.2026, 20:03
Зейнетақы жинағын түгел инвестициялық компанияларға салуға болады
19.08.2026, 20:02