Қызылордадағы тұрғын үйде болған жарылыстан 1 адам зардап шекті
Қызылордада жеке тұрғын үйлердің бірінде болған жарылыстан бір адам зардап шекті. 39 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын қатты күйік шалып, қазір қалалық көпбейінді ауруханада жатыр. Дәрігерлер науқастың жағдайы орташа деп отыр.
Оқыс жағдай көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жарылыстың күштілігі сонша баспананың түгі қалмаған. Үйдің 182 шаршы метр аумағы қирап, өрт ауладағы қосымша құрылысқа дейін шарпыған. Өрт сөндірушілер бір сағат ішінде тілсіз жауды ауыздықтады. Мамандар оқиғаның нақты себеп-салдарын анықтауда.
Жасұлан Түйменов, қалалық ТЖД басқармасының бастығы:
Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда. Алдын ала болжам бойынша аталған жағдай табиғи газ плитасының бір көзінің ашық қалу салдарынан орын алған.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07