Суданнан үш отандасымыз елге жеткізілді
Әскери қақтығыс ушыққан Судан Республикасынан үш отандасымыз елге жеткізілді. Сыртқы істер министрлігі олардың аман-есен оралуына ұйытқы болған. Шығыс Африкадағы мемлекетте 10-нан астам қазақстандық тау-кен саласында вахталық әдіспен еңбек етеді. Солардың бірі, қызылордалық Нұрдәулет Жұрғатов. Олар атыс-шабыс ошағы Хартум қаласынан 500 шақырым жерде болған. Дегенмен, қауіпсіздік үшін үш отандасымыз соғыс тұтанған соң 11 күннен кейін Судандағы Қазақстан елшілігінің көмегімен Сауд Арабиясына депортацияланып, әрі қарай туған жерге аман-есен оралды.
Нұрдәулет Жұрғатов, Қызылорда облысының тұрғыны:
Судан елінде жұмыс істейтін менімен бірге 3 әріптесіміз елге оралдық. Қазір соғыстан кейінгі халықтың жағдайы өте ауыр. Өзімізбен бірге әскери кеме арқылы эвакуция жасаған кезде 2 мыңға жуық адам болды. Судандық азаматтар өз елдерін тастап соғыстан қашып жатыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15