Өрттен зардап шеккен отбасыларға ЖОО көмек қолын созды
Абай облысында өрттен зардап шеккен отбасыларға Шығыс Қазақстан облысындағы жоғарғы оқу орындары алғашқы болып көмек қолын созды. Сәрсен Аманжолов атындағы университет Бородулиха ауданында биыл мектеп бітірген 10 түлекке грант бөлді. Олар қалаған мамандығы бойынша, 4 жыл тегін оқитын болады. Жатақханамен де қамтамасыз етіледі. Ал техникалық университет грантты ғылым және жоғарғы білім министрлігінің сұранысына сәйкес бөлмек. Оған қоса, екі университеттің ұыжымы да бір күндік еңбекақыларын аударды. Өрт толық сөндірілген соң, студент-волонтерлар зардап шеккен ауылдарға барып көмек көрсетуге дайын.
Жәнел Болатова, С.Аманжолов атындағы ШҚУ департамент директоры:
Бөлінген 10 білім грантымен қатар біздің университте гуманитарлық көмек жиналып жатыр. Одан кейін де талай жұмыстар атқарылады. Сол жұмыстарға көмегін тигізетін белсенді волонтерлер қатысып көмектесуге тырысамыз.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07