Маңғыстау облысында өртті өшіру үшін жаңа жоспар құрылды
Маңғыстауда «Оңтүстік Қаратұрын» кен орнындағы апатты жоюдың жаңа жоспары жасақталды. Еске салайын, ұңғымадан шыққан өртті мамандар 13 күннен бері ауыздықтай алмай жатыр. Соңғы мәліметтерді скайп арқылы әріптесім Аягөз Оралбайқызы айтсын.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Газ-су аралас бұрқақ әлі жанып жатыр. Жалынның биіктігі 7-10 метр. Ал, жоба бойынша ұңғыманың тереңдігі - 1200 метр,-дейді мамандар. Төтенше оқиғаға байланысты арнайы штаб құрылған болатын. Соңғы мәліметтер бойынша, олар апатты жоюдың жоспарын әзірледі.Соған сәйкес, жанып жатқан ұңғымаға көлбеу бағытталған екінші ұңғыма салынады. Ол үшін жеке техникалық жоба дайындалған. Ал, оны бұрғылау мақсатында, 2 алаңның құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ, өрттің таралуын болдырмау үшін, апаттық ұңғыманың айналасында үйінді жасалып жатыр. Айта кетейін, кен орнындағы өрт ұңғыманы жөндеу жұмыстары кезінде шықты. Бұрғылау құралы көтеріліп кетіп, жер астынан газ-су қоспасы атқылап, содан өрт пайда болған.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07