Маңғыстауда электр қуаты толық беріле бастады
Маңғыстауда электр қуаты толық беріле бастады. Себебі Маэкте энергоблогтардың бірінде жөндеу жұмыстары мерзімнен бұрын аяқталды. Қазір тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға жарық шектеусіз беріліп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Мамандар 3-станцияның бірінші энергоблогын кеше түнде іске қосты. Олар қазандықтың оң жақ тұзды бөлігіндегі зақымдалған 5 экрандық құбырды ауыстырған. Ал оған дейін сол жақ бөлігінде 12 құбыр жаңартылған еді. Содан соң кәсіпорын қызметкерлері дәнекерленген аумақтарды бақылаудан өткізіп, сынақтар жүргізген.
Мұрат Иғалиев, энергокомбинат бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары:
Өтінім бойынша 19 тамызға дейін. Енді біздің Маэк мекемесінің 2 сменмен жұмыс істеуі арқасында жұмысты уақытынан бұрын бітірдік. Бүгінгі таңда 3-станцияның бірінші энергоблогы өзінің нагрузкасын алып жұмыс жасауда.
Аягөз Оралбайқызы, тілші:
Айта кетейін, аймақты сумен, жылумен және электр қуатымен қамтамасыз ететін жалғыз кәсіпорында өткен жұмада апат болды. 2 энергоблок істен шығып, өндіріс көлемі 2 есе төмендеп кетті. Жаппай жарықсыз қалудың алдын-алу үшін, облыс аумағында электр энергиясы шектеумен берілді.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07