МАЭК-тегі №3-энергоблок та іске қосылды
Ақтауда МАЭК кәсіпорнындағы №3-энергоблок та іске қосылды. Сондықтан мұнай-газ кен орындары мен өндірістік мекемелерге электр қуатын берудегі шектеулер алынды.
3-энергоблокта генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделген. Сондай-ақ щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Энергоблок сенбі күні жұмыс істей бастады. Айта кетейін, комбинатты екі бірдей энергоблок істен шығып, электр қуатын өндіру көлемі азайып кеткен болатын. Сондықтан соңғы 1 аптада аймақта электр энергиясы шектеумен берілді. Ал 1-энергоблок өткен жұмада іске қосылды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы13 боксшымыз жартылай финалда
06.04.2026, 10:11
Алғаш рет Дания Корольдік театрының гала-концерті өтті
06.04.2026, 10:05
Дрондар шабуылына ұшыраған Усть-Луга портында мұнай қайта тиеле бастады
06.04.2026, 10:04
Германияда ер адамдар шетелге шығу үшін әскери рұқсат алуға міндетті
06.04.2026, 10:03
Трамп электр станциялары мен көпірлерді қирататынын ескертті
06.04.2026, 09:58
Ресейдің Дағыстан Республикасында су тасқынының салдарынан дамбы жарылды
06.04.2026, 09:56