Басты Жаңалықтар Петропавлдағы балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды

Петропавлдағы балабақша қызметкерінен туберкулез анықталды

Петропавлдағы «Балдәурен» балақбақшасының медициналық қызметкерінен туберкулездің ашық формасы анықталды. Ол аз болғандай бүлдіршіндер ұйықтап жатқанда ғимаратта дезинфекция жұмыстары жүргізілген. Ата-аналардың айтуынша балалардың кейбірі үйге келгеннен кейін тамағы ауырып, көздері ашығанына шағымданған. Медицина қызметкерінің жұқпалы ауруға шалдыққаны 2 қазан күні анықталған. Алайда санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары бұл деректі балабақша әкімшілігіне кеше ғана хабарлаған. Ал ата-аналар бұл жағдайды кездейсоқ білгендерін айтады. Мекеме карантинге жабылған жоқ. Бүгін 340 баланың 150-ден астамы балабақшаға барған.

Асхат Мақсұтұлы, ата-ана:

Дезинфекция сағат 4-те болып отыр. Ал балалар 6-ға дейін жүріп отыр мында. Қалай балаларды тексеретінін мен білмей тұрмын.

Нәзір Жәшібеков, облыстық білім басқармасының басшысы:

Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдардың барлығы медициналық тексерістен өтеді. Ол жұмыстан уақытша шеттетілді. Арнайы комиссия құрылды. Мәселенің мән-жайын анықтаймыз.

Эльмира Кәленова


Бөлісу