Басты Жаңалықтар Жамбыл облысындағы жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысындағы жаппай улануға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Жамбыл облысындағы жаппай улану дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура, СЭС мамандары мен арнайы комиссия өкілдері мектептегі оқиға қатысты тергеп-тексеруді бастады.

Бүгінде «Санитариялық ережелерді немесе гигиеналық нормативтерді бұзу» бойынша сотқа дейінгі тексеру жалғасуда. Мектепке азық-түлік тасымалдаған кәсіпкер мен аспаздар тегіс тергеуге алынған.

Еске салайық, екі күн бұрын Байзақ ауданындағы Киікбаев гимназиясында 60 адам асханадағы астан ұшынған. Олардың 35-і аудандық ауруханаға жатқызылды. Қазір Сарыкемер ауылындағы жұқпалы аурулар бөлімінде 33 оқушы мен 2 мұғалім ем алуда. Науқастар мектепте күріш жеп, компот ішкен. Қазір 2 мыңнан астам оқушысы бар гимназиядадағы асхана қызметі уақытша тоқтатылды. Сол күні ол жерден 500-ге жуық бала тамақтанған. Қазір мектепте оқу процесі бұрынғыдай өтіп жатыр. Тек осы оқиғадан кейін 80-ге жуық оқушы сабақтан қалды.

Данияр Әлімқұл


Бөлісу