Жамбылдағы жаппай улану: Асханадағы тамақтан 12 түрлі ішек таяқшасы табылды
Астан ұшынып, ауруханаға түскен жамбылдық оқушылардың неден уланғаны белгілі болды. Ағарту ошағына арнайы тексеріс жүргізген мамандар асханадағы тағам түрлерінен 12 түрлі ішек таяқшасын тапқан. Толық сараптама қорытындысы 21 қарашадан соң белгілі болады.
Еске салайық, екі апта бұрын Байзақ ауданы, Киікбаев гимназиясының 60-тан аса оқушы астан ұшынған болатын. Салдарынан 35 адам ауруханаға жатқызылды. Науқастар арасында екі мұғалім де бар. Ал сол күні бастауыш сыныпта оқитын 440 бала тағам тұтынған. Осы оқиғадан кейін мектепте асхана қызметі уақытша тоқтатылды. Ал бүгін астан уланып ауруханаға түскендер үйлеріне жіберілді. 2 мыңнан астам оқушысы бар мектептің аспазы мен ас жеткізген жеке кәсіпкер де тергелуде. Сотқа дейінгі тергеу амалдары әлі де жалғасып жатыр.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Түркияда интернет арқылы қылмыс істеген мыңнан аса адам ұсталды
16.09.2026, 20:10
«Отбасы банкке» аударылған зейнетақы жинағын сақтау мерзімі өзгерді
16.09.2026, 20:07
Қызмет көрсету саласының халықаралық нарыққа шығуы жеңілдеді
16.09.2026, 20:06
Кореямен серіктестік: Экономика мен технологияның жаңа кезеңі
16.09.2026, 20:05
Мемлекет басшысы Кореядағы қазақ этноауылына барды
16.09.2026, 20:05
Алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті
16.09.2026, 20:04
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 20:03
Еуропада жанармай қымбаттап, инфляция күшейді
16.09.2026, 20:02