Ақтөбеде пышақ жарақатынан қаза тапқан екі жасөспірімнің анасы үндеу жасады
Ақтөбеде осыдан 20 күн бұрын пышақ жарақатынан қаза тапқан екі жасөспірімнің аналары үндеу жасады. Олар қылмыстық істің дұрыс тергелуін, сондай-ақ, кінәлілердің әділ жазасын алуын талап етіп, құзырлы органдардан көмек сұрады. Бұл оқиға Ақтөбе қаласына қарасты Қызылжар елді мекенінде болған еді. Полицейлердің айтуынша, жанжалға әлеуметтік желідегі кикілжің себеп болған. Одан кейін екі жақ мәселені кездесіп шешуге уағдаласқан. Өкініштісі, кездесудің соңы екі баланың өліміне әкелді. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды.
Ерболат Сарқұлов, облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99 бабы бойынша іс қозғалды. Бірнеше сараптама тағайындалды. Күдікті адамдар ұсталды. Қазіргі таңда олар қамауға алынды.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07