Алматыда жас сарбаздар әскери ант қабылдады
Бүгін Мемлекеттік күзет қызметі Айрықша мақсаттағы күштерінің жауынгерлері Әскери ант қабылдады. Салтанатты рәсімге сарбаздардың ата-аналары, ет жақындары қатысып, мерейлі сәтке куә болды. Жас жауынгерлер еліміздің барлық өңірінен іріктеліп алынған. Олар осыған дейін бір ай арнайы дайындықтан өткен. Сайдың тасындай іріктелген жүздеген сарбаз енді Отан алдындағы борышын «Батыр» президенттік полкінде өтейді.
Бақыт Оспанов, №0111 Әскери бөлімі командирінің орынбасары:
Оларға қойылған талаптар, біріншіден, бойы 180 см-ден жоғары, 195-тен төмен болмауы керек. Әрқашан денсаулығы жақсы болуы керек. Бірінші басымдық спортқа беріледі, спорт шеберінен үміткерлер болса, оған қатты көңіл бөлінеді. Бізде де 1 жыл ішінде спорт жағына көңіл бөліп қарайтын боламыз.
Мәрлен Тілеулес, сарбаз:
Бұрын спортпен айналысқанмын, яғни жүзумен. Спорт шебері болғанмын. Және жекпе-жектен жетістіктерім көп. Арнайы дайындалдым. Борышымды өтеу үшін № 0111 «Батыр» әскери полкіне дайындалып келдім. Армандарымның бірі орындалды.
Айдана Қуантхан
Автор
Айдана Қуантхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07