Роза Бағланова атындағы халықаралық конкурс өтіп жатыр
Елордада тұңғыш рет сахна сандуғашы Роза Бағланованың құрметіне арналған халықаралық вокалдық конкурс өтті. Мақсат – әншінің шығармашылығын насихаттау, ұлттық және әлемдік мәдениеттің дәстүрлері мен жетістіктерін жаңғырту және жас әртістерді қолдау. Байқауға қатысуға Қазақстан мен алыс-жақын шетелдерден 50-ден астам өтінім түскен. Олардың ішінен үздік атанған 16 қатысушы бүгін байқаудың ақтық кезеңінде өнерін көрсетті. Қатысушылар Роза Бағланованың репертуарындағы бір әнді орындауы тиіс. Жеңімпаздар ертең анықталмақ.
Алтынбек Қоразбаев, Қазақстан және Қырғызстан республикасының Халық әртісі, қазылар алқасының төрағасы:
Әншілердің бәрін бүгін біз сарапқа саламыз. Ертең кешке үлкен гала концерт болады. Лауреаттарға мүмкіндік болғанда, теңге менен бас жүлдеге 2 миллион деп естідім, бірінші орынға 1,5, ары қарай 1 миллион және 500 000 теңге. Осындай жүлделер беріледі.
Темірлан Нұрсолтанов
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15