АЭС атом саласына серпін береді
АЭС құрылысы бүкіл атом саласына серпін беріп, энергия тапшылығы мәселесін шешеді. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» өкілі Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің отырысында айтты. Ол атом электр станциясының оң тұстары мен атом энергиясының ел экономикасына қосатын үлесі жайлы жан-жақты баяндап, сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар шараға қатысқандар өзекті тақырып жайында пікір білдіріп, алдағы референдумның маңыздылығын талқыға салды.
Валерий Сиряк, жылу механикалық жабдықтарды пайдалану қызметінің бастығы:
АЭС құрылысы референдумда мақұлданса, бұл бүкіл атом саласына серпін береді. Қазір бізде электр энергиясы тапшы. Ал АЭС құрылысы осы тапшылықтың бір бөлігін жабуы мүмкін. Тағы бір айта кететін жайт, АЭС құрылысы басқа да энергия көздерінің дамуына кедергі болмайды. Бізде жан-жақты даму болуы керек.
Бақытжан Ертаев, Астана ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы:
Референдум меніңше, болашаққа керек. Жастарға керек. "Референдум өтсін, АЭС салынсын" деген адамдар бұл болашақты ойлаған адамдар. Сол себептен, 6 қазанда өтейін деп жатқан референдумда болашақты тереңінен ойлау керек.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07