Байқаушылар: Референдумда халықаралық талаптар сақталды
Халықаралық ұйымдардың миссия мүшелері де, Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдумды бақылау барысында атқарған жұмыстарын қорытындылады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының 13 өкілі мониторинг жұмыстарын жүргізген. Олар дауыс беру үшін барлық жағдай жасалғанын жеткізді. Ал Түркі мемлекеттері ұйымынан келген байқаушылар 24 учаскеде бақылау жүргізіп, дауыс берушілердің құқықтары толығымен сақталғанын атап өтті.
Олег Копылов, ШЫҰ байқаушылары миссиясының басшысы:
Миссия Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша республикалық референдум қолданыстағы заңнамаға және Қазақстан Республикасы қабылдаған халықаралық міндеттемелерге сәйкес өткізілгенін мәлімдейді. Референдум ашық, еркін және заңды деп танылды. Референдум Қазақстан Республикасында демократиялық процестерді одан әрі дамыту жолында маңызды қадам.
Сади Джафаров, Түркі мемлекеттері ұйымының миссия басшысы:
Түркі мемлекеттері ұйымының байқау миссиясы референдумның Қазақстан заңнамасына және халықаралық стандарттарға cай ашық өткенін растайды. Бұл референдум – стратегиялық мәселелер бойынша қоғаммен үздіксіз диалогты сақтауға деген ұмтылысын көрсететін маңызды оқиға. Миссия қазақстандықтарды сәтті өтуімен құттықтайды.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04