Қостанай облысындағы әлеуметтік нысандар салынып бітпеді
Қостанай облысында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасына бөлінген қаржының 627 млн теңгесі игерілмей қалған. Жалпы осы бағдарлама бойынша былтыр 12 млрд теңгеге аймақтағы 73 елдімекенге әлеуметтік нысандар салынуы тиіс еді. Алайда 8 ауданда құрылыс жұмысы басталғанымен мерзімінде аяқталмады.
Жауапты мамандар бұған мемлекетік сатып алу рәсімдерінің ұзаққа созылатыны себеп дейді. Салдарынан мердігерді анықтау, олармен келісімшарт жасау кешігеді. Былтыр аяқталмаған жобалардың жұмысы биыл жалғасады. Жалпы облыстағы 500-ге тарта ауылда 400 мыңға жуық адам тұрады. Соның ішінде 275 мың тұрғыны бар 258 елдімекен даму әлеуеті бар деп белгіленген.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07