Шымкентте ауаны шектен тыс ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Шымкентте зиянды қалдықтар шығарып, ауаны шектен тыс ластаған 7 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды. Сондай-ақ экология талаптарын бұзған 38 өндіріс орнына 284 миллион теңге айыппұл салынды. Тексеріс барысында олардың мұржаларға тазалау қондырғыларын орнатпағаны, зиянды қалдықтарды шекті мөлшерден асырып жібергені және экология департаментінен рұқсат алмағаны белгілі болған. Мегаполистегі ең ірі 4 кәсіпорын: цемент шығаратын екі өндіріс орны, Шымкент мұнай өңдеу зауыты мен жылу энерго орталығы жылына ауаға 500 тоннаға дейін улы қалдықтар таратады. Сондықтан оларға автоматты түрде мониторинг жасайтын жүйе орнату міндеттеліп отыр.
Ғани Қалмахан
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Астана Опера» театрында Вердидің «Травиатасы» сахналанды
06.04.2026, 17:27
Биыл Алматыға 550 мың түрлі ағаш егеді
06.04.2026, 17:25
«Ауыл аманаты»: БҚО-ға ₸ 14,8 миллиард бөлінген
06.04.2026, 17:22
Алғаш рет изолейцин және лейцин өнімі шығарыла бастады
06.04.2026, 17:20
Алматыда қалдықты құрылыс материалына айналдыратын зауыт ашылды
06.04.2026, 17:17
Жамбылдық жас мамандар жұмысқа конкурссыз қабылдана бастады
06.04.2026, 17:15
Су инфрақұрылымы цифрлық жүйеге көшеді
06.04.2026, 17:12
Қостанай облысы тасқынға толық дайын
06.04.2026, 17:10