Жасөспірімдер арасында ерте жүктілік 1,5 есе өсті - депутат
Соңғы 5 жылда жасөспірімдер арасында жүктілік бір жарым есе өсті. Ерте босану жағдайлары әсіресе Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарында көбейген. Осылай деген сенатор Нұртөре Жүсіп Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрлігіне мектептегі бақылауды күшейту қажеттігін айтып, депутаттық сауал жолдады. Оның дерегінше, 2023 жылдың өзінде 5 мыңнан астам жасөспірім ерте ана болған. Бұл медициналық ұйымдарға тіркелгені ғана. Оның көбі – зорлық-зомбылық көргендер, дейді депутат. Арыз жазудың орнына мәселені жылы жауып қоюға тырысатын ата-ана да аз емес деген сенатор, ағарту жұмыстарын шұғыл қолға алуды ұсынды.
Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты:
Біз бұл мәселеге ерекше назар аудармай болмайды. Өйткені мұның әлеуметтік салдары бар. Бұл өте нәзік әлеуметтік мәселе. Жүкті болған мына қыз балалар автоматты түрде қауіп-қатер аймағына енеді және білім алу мүмкіндігін жоғалтады. Әлеуметтік қайшылықтарға тап болады. Сондықтан осыған байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуді, ұлттық деңгейде жүйелеу қажет деп есептеймін.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07