Көктемде 1200-ден астам елдімекенді су басу қаупі бар
Көктемде ел аумағындағы 1200-ден астам елдімекенді су басу қаупі бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Сенаттағы Үкімет сағатында айтты. Ведомства тасқынның алдын алу үшін 576 шақырым жерге қорғаныш бөгеттерін салған. 658 шақырым каналдар мен арық жүргізген. Президент тапсырмасымен бүгінде Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті құрылды. Су тасқынын болжауға және модельдеуге мүмкіндік беретін «Tasqyn» ақпараттық жүйесі енгізілді.
Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
Министрлік ықтимал су тасқынын жою тәсілін қайта қарады. Бірінші кезекте біз қауіпті учаскелерге мониторинг жүргізіп, төнген қатерге дереу ден қоямыз. Бұл тәжірибе өрт қаупі кезеңінде қолданылған болатын және тиімділігін көрсетті. Осылайша «Стратегиялық жоспарлау және шұғыл басқару командалық орталығы» құрылды. Оның негізінде техногендік және табиғи апаттарды болжау, модельдеу және талдау үшін бірқатар цифрлық сервис біріктірілді.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08