Шымкентте су басуы мүмкін 20 аумақ анықталды
Шымкент қаласында қалың қардың еруі мен жауын шашынға байланысты су басып қалу қаупі бар бірнеше аймақ анықталды. Апаттың алдын алу үшін қазір өзендердің арнасын бекітіп, жағасын нығайту жұмыстары басталды.
Ғани Қалмаханов, тілші:
Шаһар аумағында тасқын су басып қалуы мүмкін 20 қауіпті аймақ анықталды. Оның басым бөлігі Сайрамсу өзені бойында. Мұнда арна 15 үйдің тап іргесінен өтеді. Қауіпті аймақтарда 100-ге жуық адам тіршілік етеді. Мамандар қазір ахуал қорқыныш туғызбағанымен, жауын-шашын көбейетін болса, жағдайды қиындатып жіберуі мүмкін екенін айтады. Сондықтан жағалаулар қоқыстан тазартылып, Бадам өзенінің арнасын бекіту және бетондау үшін 5 миллиард теңге қаржы жұмсалды. 167 эвакуациялық пункт дайындыққа келтірілді. Сондай-ақ 15 арнайы техника, 26 мотопомпа және 7 суда жүзу құралдары әзір тұр. Төтенше жағдайлар қызметі 6-7 ақпан күндері командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07