Шымкентте «Жастар» бағдарламасы бойынша берілген пәтерде өзге біреулер тұрып келген
Шымкентте «Жастар» бағдарламасы бойынша берілген 42 пәтерде өзге біреулер тұрып келген. Яғни үйлі болған жастар өзіне тиесілі баспананы өзгелерге жалға берген. Тұрғын үй басқармасы осы жайтты анықтап, бұл пәтерлерді мемлекет меншігіне қайтарып алды. Пәтерді үй кезегін күткен өзге азаматтарға берді. Бағдарлама бойынша берілген үйлер әлі де тексеріліп жатыр. «Жастар» бағдарламасы Шымкентте 2020 жылы басталған. Оған жасы 35-ке дейінгі тұрақты жұмыс істейтін жастар қатыса алады. Биыл ақпан айының соңында осы жоба бойынша 900 азаматқа пәтер берілуі тиіс.
Айдар Нұрмағамбетов, қалалық тұрғын үй басқармасының әдіскері:
Тұрып жатқандарына бір жыл болды. Сонда да түсіндірме жұмысын жүргіздік. Анықталған жағдайда акт түзіледі. Екінші рет те солай. Үшінші рет сотқа жүгініп, шара көреміз. Үйді қайтарып алу ісі бойынша.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04