Елімізде баспана бағасы 4 пайызға қымбаттады
Баспана нарығында жаңа үйлер қымбаттап жатыр. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, баға бір жылда 4 пайызға көтерілген. Өсім, әсіресе, Павлодар, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында байқалады. Екінші нарықтағы үй мен жалға берілетін пәтер бағасы да ырыққа көнбей тұр. Соған қарамастан, былтыр баспаналы болғандар аз емес. Бір жылда сату және сатып алу бойынша 400 мыңға жуық келісім жасалды. Ал биыл тұрғын үй нарығында баға қалай өзгереді? Наурыз айынан бастап баспана күрт қымбаттайды деген болжам қаншалықты рас? Риэлтерлер қауымдастығы президентінің пікірін білдік.
Лариса Степаненко, Қазақстанның өзін-өзі реттейтін риэлтер қауымдастығының президенті:
«Баспана күрт қымбаттайды» деп, алдын ала дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ. Баға өсімі сұранысқа байланысты болады. Қазір доллар құбылып, құрылыс материалдары қымбаттаған соң, сұраныс төмен. Тиімді ипотекалық бағдарламалардың аздығы тағы бар. Осының бәрін ескерсек, баға жыл соңына дейін 7 пайызға өсуі мүмкін. Дегенмен қосылған құн салығына қатысты шешім нарыққа әсер етуі мүмкін екенін айта өткен жөн.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08