Доллар арзандап, теңге нығайды
Доллар арзандап, теңге нығайып жатыр. Қор биржасында 1 АҚШ валютасының құны қазір 496 теңге. Ал Астанадағы ақша айырбастау нүктелерінде сатып алу 497-499 теңге, ал сату бағасы 505 теңгеден. Доллардың күрт арзандауына қатысты болжам әртүрлі. Сарапшылар мұны жаңа жыл мерекесінен кейін көк қағазға деген сұраныстың азаюы және рубльдің нығаюымен байланыстырады. Сондай-ақ Дональд Трамп пен Путиннің телефон арқылы байланысуы да нарыққа әсер етті деген болжам бар.
Мақсат Халық, сарапшы:
Қазір теңгенің күшеюін өз басым уақытша деп бағалайтын едім. Дәл осы 2025 жыл негізі теңгемізге біраз қысым түсетін жыл. Бірінші кезекте бұл - мұнай бағасының төмендеуі. Өйткені Трамптың да алға қойған мақсаты - мұнай бағасын құлдырату. Ол жағдайдың өзі белгілі бір дәрежеде экономикаға, Қазақстанға әсері бар. Тиісінше бұл біздің экспорт пен импорт арасындағы төлем балансына кері ықпал етеді. Ұзақ мерзімде ол теңгемізге қысым түсіретіні бар.
Ал елде қолма-қол ақшамен төлем жасайтындар тағы азайды. Банк картасын пайдаланатындар былтыр 13,4 пайызға өскен. Яғни бір жылда қазақстандықтар 166 трлн теңгеге төлем жасаған.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр
28.07.2026, 14:41
Қостанайда ауыл тұрғыны 5 мыңға жуық кітап оқыған
28.07.2026, 13:12
Қазақстандық студент АҚШ-та беделді ғылыми марапатқа ие болды
28.07.2026, 13:10
Франция мен Испанияда өртпен күреске мыңдаған маман жұмылды
28.07.2026, 13:09
Алакөл жағалауында қауіпсіздік күшейді
28.07.2026, 13:08
Алматыда үш бағытты тоғыстырған ғылыми зертхана ашылды
28.07.2026, 13:06
СҚО-да кене шаққан тұрғын дақ безгегін жұқтырды
28.07.2026, 13:06
Түркістанда қоршаған ортаны ластағандарға 65 миллион теңге айыппұл салынды
28.07.2026, 13:05