Шымкентте қызылшаға қарсы екпеге қазынадан қаржы екі рет бөлінген
Шымкентте қызылшаға қарсы екпе салу жұмысына қазынадан екі рет қаржы бөлінген. Былтыр 18 жасқа дейінгі балалар арасында бұл ауру өршіп кеткен тұста қала қазынасынан ақша бөлініп, иммундау жұмысы жүргізілген. Артынша мемлекеттік резерв қорынан тағы 2,1 миллиард теңге аударылған. Ішкі мемлекеттік аудит департаменті жүргізген тексеріс барысында бұл ақшаның игерілмегені анықталды. Нәтижесінде қызылшаға қарсы вакцина егуге бөлінген қаржының барлығы резерв қорына кері қайтарылды. Аудиторлық тексеріс алты емханада жүргізілген.
Әлиасқар Барлыбаев, Шымкент қаласы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бөлім басшысы:
Жоспарлаудың дұрыс еместігінен болып отыр. Ол бойынша департамент тарапынан анықталған құқық бұзушылық бойынша нұсқама жолданды. Талаптар бүгінгі таңда орындалды. Толық есептілік аудит комитетіне жолданды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауыл тұрғыны көтерген мәселе Халық Кеңесінен кейін қайда бағытталады?
15.09.2026, 23:20
Астана 2028 жылы УЕФА суперкубогін қабылдайды
15.09.2026, 20:28
Үстел теннисінен Президент кубогі басталды
15.09.2026, 20:27
Тау туризмі - Алматы экономикасының жаңа драйвері
15.09.2026, 20:18
Цифрлық активтер нарығын дамытудың 6 бағыты ұсынылды
15.09.2026, 20:09
Сарапшы: Кореямен ынтымақтастық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді
15.09.2026, 20:05
Қазақстан мен Корея президенттері келіссөз жүргізді
15.09.2026, 20:05
Зейнетақы жинағын игеру жолдары
15.09.2026, 20:04