Елордада инклюзив спорт орталығының құрылысы басталды
Астанада инклюзив спорт орталығының құрылысы басталды. Орталықта бочча, баскетбол, арбамен ойнайтын футбол, голбол, отырып ойнайтын волейбол және тағы басқа спорт түрлеріне арналған залдар болады. Сенат төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, спорт орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысты. Мәулен Әшімбаев елордада осы спорт орталығын салу әділетті мемлекет құру жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен елімізде инклюзивті қоғамды дамытуға үлкен мән берілуде. Инклюзивті қоғам дегеніміз - әрбір Қазақстан азаматы үшін тең мүмкіндіктерді қалыптастыру, әрбір Қазақстан азаматы үшін өзінің әлеуетін жүзеге асыруға барлық керек мүмкіндікті қалыптастыру екені сөзсіз. Осы бағытта елімізде көптеген жұмыс жүзеге асырылуда. Соның аясында осы орталықтың алғашқы іргетасын қалап жатырмыз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07