Перизат Қайраттың ісі бойынша тергеу аяқталды
Перизат Қайраттың ісі бойынша тергеу аяқталды. Жақында іс сотқа өтеді. Ал анасы үйқамаққа қамалды. Оған қорға түскен ақшаны өз шотына аударып отырған деген айып тағылған. Қызымен анасы бірігіп, миллиардтаған қаржыны ұрлады деген күдікке ілініп отыр. Бұл жөнінде Сенатта журналистердің сауалына жауап берген Қаржы мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. Еске салайық, Перизат Қайратқа 3,5 млрд теңге шығын келтірді деп айып тағылды. Ол бес ай бұрын ұсталған.
Жеңіс Елемесов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары:
Шешесі бар, Алашбаева деген. Ол кісі үй қамағына алынды. Екеуі де күдікті. Сотқа жіберіп жатырмыз. Қызына көмектесіп, түскен ақшаны өзінің шотына алып, банктен шешіп, үй алған, машина алған. Гүл сататын магазиндер сатып алуға көмек берген.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07