Дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды
Астаналық дәрігерлер жүрегі тоқтап қалған сәбиді аман алып қалды. 6 айлық нәрестеге екінші өмір сыйлады. Баланы құтқарған елордадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлері. Сәбидің үстіне қайнап тұрған ыстық шәйнектің суы төгіліп кеткен. Ауруханаға апара жатқанда баланың жүрегі тоқтап қалған. Дәрігерлер оған шұғыл түрде ем жүргізді. Махаббат Омарова есімді дәрігер шұғыл түрде жүрегіне ем-шараларын қолданған. Ал жансақтау бөлімінің дәрігері Абзал Тұрысбек 9 күн бойы баланың денсаулығын қадағалауда ұстаған. Қазір жүрегі қайта соққан сәбидің жағдайы жақсы. Денсаулығына қауіп жоқ.
Наталья Шлыкова, сәбидің анасы:
Мен - баланың анасымын. Астанадағы №2 көпбейінді балалар ауруханасының дәрігерлеріне алғысымды білдіремін. Қазір біз үйдеміз. Ұлым Богданның денсаулығы да, көңіл күйі де жақсы. Балама екінші өмір сыйлаған дәрігерлердің жұмысына табыс, отбасына амандық тілеймін.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15