Инвестиция көлемін ұлғайтуға бағытталған заң мақұлданды
Бүгін сенаторлар инвестиция көлемін ұлғайтуға бағытталған заңды мақұлдады. Құжат ТМД елдерімен еркін сауда аймағын қалыптастыруды көздейді. Экспорт әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Кедергілер мен әкімшілік шектеулердің төмендеуіне жол ашады. Бұл – бизнестің көршілес нарыққа белсенді шығуына мүмкіндік береді. Инвестицияның өсуіне ықпал етеді.
Айта кетейік, келісімнің тараптарына Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей Федерациясы кіреді.
Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:
Келісім ТМД елдерімен серіктестігімізді одан әрі нығайтуға бағытталып отыр. Бұл құжат қызмет көрсету саласында еркін сауда аймағын қалыптастыруды көздейтін ережелерді қамтиды. Сондай-ақ тараптардың инвестициялық тартымдылығын жақсартуға арналған нормалар да бар. Жалпы, заң ТМД елдері арасында сауда-экономикалық белсенділікті арттыруға және өзара инвестициялар көлемін ұлғайтуға оң септігін тигізеді деп сенеміз.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07