Суды ысыраптаған кәсіпкерлерге айыппұл салынды
Суды шектен тыс пайдаланған 18 шаруашылық пен бизнес орталығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар жалпы сомасы 3 миллион теңге көлемінде айыппұл төледі. Су ресурстары және ирригация министрлігінің жыл басынан бері жүргізген мониторингінің нәтижесі осындай.
Аңсаған Ермек, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының сарапшысы:
Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 миллион теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды. 2024 жылы су заңнамасын бұзғандардан жалпы сомасы 44,5 миллион теңге болатын 556 әкімшілік айыппұл өндірілгенін айта кетейік.
Сондай-ақ суды коммуналдық мекемелермен келісім жасамастан заңсыз пайдаланған тағы 35 кәсіпкер 6 жарым миллион теңге айыппұл төлеген. Жалпы биыл су инспекциялары тексеру жұмыстарын 13 рет жүргізген. Ал жаңа су кодексі қабылданғаннан кейін кез келген уақытта мониторинг жасап, айыппұл көлемін соттың шешімінсіз белгілей алады.
Жәнел Өтеулі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15