Көлік саласының табысы 22,4% өсті
Биылғы төрт айда ЖІӨ 6 пайызға өссе, оның шамамен 1,3 пайызы көлік саласына тиесілі. Бұл қатарда транспорттың барлық түрі, сондай-ақ қоймалар мен терминал хабтардың және қызмет көрсету секторының үлесі зор. Мамандар көрсеткіштің былтырғы жылдан екі есе жоғары екенін айтады. Тіпті жыл соңына дейін тағы да өсім болады деп отыр. Оған алдағы уақытта қолданысқа берілетін жаңа шойын жолдар мен тасымал саласын цифрландыру ісі септігін тигізбек.
Ләззат Стамғазиева, Көлік министрлігінің ресми өкілі:
Қазақстан мультимодальді-модальді мемлекеттер қатарына жатады. Бұл дегеніміз біз жүкті су көлігімен де, әуе көлігімен де теміржолмен де, автомобиль көліктерімен де тасымалдай аламыз. Сондықтан да алдағы уақытта да бұл көрсеткіш өседі. Неге десеңіз, қазіргі таңда елімізде 4 жаңа теміржол құрылысы жалғасып жатыр. Бұл теміржолдар қолданысқа берілгеннен кейін теміржолдың өткізу қабілеті артады да, оның бойымен тасымалданатын жүктің де көлемі арта түседі. Ал бұл өз кезегінде жылдың соңында осы көрсеткіштің одан әрі артуына септігін тигізеді деген болжамымыз бар.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еңбекшіқазақ ауданында құны шамамен 21 млрд теңге болатын астық кешені салынуда
15.09.2026, 18:28
Енді еліміздің диқандары астықты Қытайға делдалсыз сата алады
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28