Астанада Қазақстан музейлерінің ІІІ конгресі басталды
Астанада Қазақстан музейлерінің ІІІ конгресі басталды. Үш күнге жоспарланған шараға Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Өзбекстан, Ресей, Түркия және Түрікменстаннан белгілі реставратор-ғалымдар мен жетекші сарапшылар шақырылған. Олар тәжірбилерімен бөліседі. Жиында археологиялық, көркем және мәдени мұраны сақтау бойынша панельдік сессиялар, практикумдар мен шеберлік сағаттары өтеді. Сонымен қатар музей ісіндегі заманауи технологиялар мен халықаралық тәжірибе де кеңінен талқыланбақ.
Айта кетейік, биыл шара аясында Ұлттық музей жанынан ғылыми консервация және реставрация орталығы ашылады.
Ақмарал Ибраева, ҚР Ұлттық музей директорының орынбасары:
Реставрация мәселесі әсіресе музей заттарын сақтап қалу, қалпына келтіру бүгінгі таңда елімізде өте өзекті. Археологиялық қазба жұмыстарынан, этнографиялық экспедициялардан табылған көптеген құндылықтар біздің климатқа, ауа-райына сәйкес келе бермейді. Сондықтан жердің астынан алынған дүниелерді қайтадан қалпына келтіру, тазалау, оларды ғылыми тұрғыда зерттеу мәселесі осы реставрация және консервация мәселелерінде арналады.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07