Сарапшы: Қазақстан әлемдік сауда нарығының белсенді қатысушысы
Қазақстан әлемдік сауда нарығының тек бақылаушысы емес, белсенді қатысушысы. Бүгінде дүниенің 194 елімен алыс-беріс жасап отыр. Соңғы жылдары Қытай, Ресей және ЕуроОдақпен байланыс артқан. Сарапшылар осылай дейді. Батыс пен Шығысты жалғайтын орта дәліз ретінде Астана халықаралық форумында бұл тақырыптың талқылануы заңды. Әсіресе, сауда саясатына қатысты көтерілген мәселелер Қазақстанның ғана емес тұтас Орта Азияның мүддесін айқындайды.
Нұрлан Құлбатыр, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы бас директорының орынбасары:
Қазақстан әлемдік сауда жүйесінің тек бақылаушысы емес, сонымен қатар қатысушысы. Соңғы жылдары Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ыңтымақтастығы жыл сайын артып келеді. Халықаралық жиындарда, Халықаралық форумдарда Қазақстан өзінің ғана мүддесін емес, Орта Азия елдерінің сыртқы сауда саясатындағы дауысын жеткізуге мүдделі. Сондықтан да бұл форумның тек еліміз үшін емес, басқа аймаққа да үлкен маңызы бар.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қытайға астықты делдалсыз сатуға болатын болды
15.09.2026, 17:37
Созақтағы аурухананы толық жөндеп жатыр
15.09.2026, 17:35
Павлодар облысының алыс ауылдарының жолдарын жөндей бастады
15.09.2026, 17:33
Ел жаңалықтарына шолу
15.09.2026, 17:32
Маңғыстаулық жастар Германияда тәжірибеден өтеді
15.09.2026, 17:30
Конгода екі мектеп өртеніп, оқушылар қаза тапты
15.09.2026, 17:29
Қытай өз азаматтарына елге кіріп-шығуды қатаңдатты
15.09.2026, 17:28
Еуропа Ресейге қарсы санкцияны тағы ұзартты
15.09.2026, 17:27