М.Әшімбаев: Бюджетті шағын топпен жоспарлауды қою керек
Бюджетті жоспарлау ісіне тәуелсіз сарапшылар мен қоғамдық кеңестерді тарту қажет. 2024 жылғы бюджеттің игерілуі туралы есепті тыңдаған Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай деді. Үкіметтің есебін қарау барысында республикалық бюджеттің кірістері 97,2 пайызға атқарылып, 19,6 трлн теңгені құрағаны айтылды. Десе де аудиторлық палата саладан бірқатар кемшілік тапқан. Мәселен, былтыр бюджеттің шығыс бөлігі бір жылдың ішінде 13 рет, кіріс бөлігі 3 рет өзгертілген. Мұны антирекордқа балаған жоғарғы палата спикері қазынаны жоспарлауды министрліктер өздері ғана отырып жасай бермей, мамандарды, тәуелсіз сарапшыларды жұмылдыруды ұсынды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Бюджеттің кірістері мен шығыстары арасындағы теңгерімсіздік күшеюде. Былтырғы бюджетке салықтар толық көлемде түспегені белгілі. Соның салдарынан Ұлттық қордан алынатын трансферттердің көлемі өсіп отыр, үкіметтік борыш та ұлғайды. Бюджеттің шығыс бөлігін бақылауға қатысты проблемалар әлі толық шешілген жоқ. Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет тарапынан нақты әрі тиімді қадамдар керек екені анық.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Үкімет Конституцияны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті
06.04.2026, 20:59
Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
06.04.2026, 20:57
Алматылықтардың 40 пайызы жыл сайын маусымдық аллергиямен күреседі
06.04.2026, 20:54
Шымкентте су арналарының айналасы қоқысқа толы
06.04.2026, 20:52
Семейде «Келешек мектептері» жобасы аясында білім ошағы ашылды
06.04.2026, 20:49
«SuperStar KZ» – Ақтауда
06.04.2026, 20:44
Азия чемпионаты: Төрт боксшымыз финалға шықты
06.04.2026, 20:41
Доллар бағамы 466 теңгеге дейін түсті
06.04.2026, 20:15