Президент «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады. Кездесуде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтың өзекті мәселелері талқыланды. Президент өз сөзінде жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді. Ал Эльжбета Франков-Яскевич Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07