Елімізде орман өрті үш есе азайды
Елімізде арнайы құрылғылардың арқасында орман өрті 3 есеге азайды. Экология және табиғи ресурстар министрлігінің дерегінше, бүгінде Ертіс орманы, Бурабай, Көкшетау және Алматы ұлттық паркінде биіктігі 30 метрлік антенналар орнатылған. Ол өртті ерте анықтап, қауіп-қатер туралы мәлімет береді. Осындай заманауи құрылғылардың көмегімен Баянауыл, Қарқаралы, Жасыл аймақ сынды өртке бейім 23 орман шаруашылығы анықталған. Министрлік қазір ауаның ластануын және табиғи полигондарды ғарыштан бақылау, ормандарды заңсыз кесуден сақтау сынды жұмыстарды цифрландырып жатыр.
Төрегелді Айнабеков, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің департамент директоры:
Алдағы бес жылға өзіміздің цифрлық трансформация картасын әзірледік. Онық ішінде «Blockchain», «Big Data», «ЖИ» мен жерсеріктік бақылау технологиялары бар. Ең ірі жобалардың бірі ол қоршаған орта мен табиғи ресурстар банкі. Бұл платформада бүкіл экологиялық деректер жиналып, талдау жұмыстары жүргізіледі.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07