Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысы өтіп жатыр
Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Бұған дейін Сенат пен Мәжіліс үшінші сессияны қорытындылаған еді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бүгін қос палата депутаттары кешікпей келді. Отырыс белгіленген уақытта басталып кетті. Бүгін Жоғары аудиторлық палатасының 2024 жылғы республикалық бюджеттің игерілу туралы есебі тыңдалады. Сондай-ақ ұлттық мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуын мониторингілеу жөніндегі парламенттік комиссияның құрамы нақтыланады. Бұған дейін Мәжіліс пен Сенат үшінші сессияны қорытындылаған еді. Үшінші сессия барысында Мәжіліс 39 жалпы отырыс өткізіп, 90 заңды қабылдаған. Одан бөлек, 39 халықаралық келісім бекітіліп, мемлекеттік органдардың басшыларына 461 депутаттық сауал жолданған. Депутаттар азаматтардың жеке өтініштері бойынша 2 мыңнан астам қабылдау өткізген. Ал Сенатта 89 заң қаралды. Оның 75-і мақұлданып, 14-і Мәжіліске қайтарылды. Қабылданған маңызды құжаттардың ішінде Бюджет және Салық кодекстері, жаңа Су кодексі су ресурстарын тиімді пайдалану туралы және МӘМС-ке қатысты заң жобалары бар. Сондай-ақ Түркістан қаласына ерекше мәртебе беретін заң да мақұлданды.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07