Елімізде келесі жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
2026 жылдың 1 қаңтарынан зейнетақы мен жалақы өседі. Бұл туралы бүгін Парламентте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты. Светлана Жақыпованың айтуынша, 2026 жылғы бюджетте әлеуметтік төлемдерді арттыруға 622 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Инфляция деңгейіне байланысты өсім 10 пайызға дейін жетеді деген болжам бар. Сондай-ақ елдегі ең төменгі жалақы өседі. Бүгінде арнайы институттар өңірлер мен салалар бойынша еңбек өнімділігі мен медиандық еңбекақы және инфляция деңгейіне қатысты нақты көрсеткіштерді есептеп, зерттеп жатыр. Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда ең төменгі еңбекақы 85 мың теңге.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
Зейнетақы төлемдері өседі, яғни ынтымақ әрі базалық зейнетақы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған төлемдер, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы сомасы артады. Ең төменгі жалақы да өседі. Қанша пайызға екені жылдың соңына дейін белгілі болады.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Халықаралық цирк фестивалінің жеңімпаздары анықталды
27.07.2026, 17:09
Халық қаһарманы Тоқтар Әубәкіров 80 жасқа келді
27.07.2026, 17:08
Ғылымды дамытуға арналған кешенді жоспар жобасы таныстырылды
27.07.2026, 17:05
Ел жаңалықтарына шолу
27.07.2026, 17:04
Жарқайың ауданында ауыл шаруашылық өнімінің көлемі 50 млрд теңгеден асты
27.07.2026, 17:02
Президентке Ұлытау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндалды
27.07.2026, 17:01
Нью-Йорктегі өрттен 21 адам зардап шекті
27.07.2026, 17:00
Президент Атырау облысының әкімін қабылдады
27.07.2026, 17:00