Мұғалімдер аттестаттаудан онлайн өтеді
Енді мұғалімдер аттестаттаудан онлайн өтеді. «Ұстаз» ұлттық платформасы жаппай қолданысқа енгізілді. Бүгіннің өзінде мектепке дейінгі, жалпы орта, арнайы, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарынан 640 мыңнан астам педагог жеке кабинет ашып, тіркелген. 95 мыңнан астам мұғалім кәсіби деңгейін дәлелдеп жатыр. 40 мыңға жуық маманның өтініші бойынша шешім шығарылған. Платформаның негізгі ерекшелігі-деңгейді бағалау барынша әділ әрі ашық жүргізіледі. Бағалауды комиссия мүшелері емес, жүйе өзі жүргізеді. Бұл - ұстаздарды біліктілігін үнемі арттырып отыруға ынталандырады, дейді мамандар.
Марат Тұрашев, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары:
Платформа мемлекеттік ақпарат жүйеге кіріктірілген. Ақпарттық қауіпсіздік бойынша сынақтан және аттестаттаудан өтті. «Педагог-модератор» және «Педагог-сарапшы» сияқты санаттар бойынша атестаттаудан өту талаптары әзірленді. Біз болашақта платформаны жетілдіріп, жасанды интеллект технологиясын пайдалану бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Осылайша, мұғалімдердің біліктілігі толықтай цифрлық технология арқылы анықталып, жетілдіріліп отырады.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сауалнама: Астаналықтар су үнемдей ме?
20.05.2026, 13:21
Талас өзенінің жағасын тазалады
20.05.2026, 13:18
Мәдениет мамандары ЖИ білімін жетілдіруде
20.05.2026, 13:15
Қазақстан мен Ресей бірлескен жобаларды арттыруға мүдделі
20.05.2026, 13:12
Бейжіңде Си Цзиньпин мен Владимир Путин саммит өткізді
20.05.2026, 13:09
Қабылданған заңдар – жаңа саяси модельдің негізі
20.05.2026, 13:06
Қос палата 6 заңды мақұлдады
20.05.2026, 13:03
Кения Президентінің Қазақстанға ресми сапары басталды
20.05.2026, 13:00