Биыл ауыл шаруашылығын несиелеуге 160 млрд теңге бөлінеді
Премьер-Министр Олжас Бектенов Ауыл шаруашылығы министрлігіне 1 қарашаға дейін елдегі төрт түлік түгел тіркелген дерекқорды тексеруді тапсырды. Ол үшін ветеринариялық бақылау саласы толықтай цифрландырылуы қажет. Сондай-ақ Цифрлық даму министрлігіне мал өнімдеріне қатысты барлық процесті сандық жүйеге көшіруді міндеттеді. Оған қоса барлық өңірде сапалы ветеринариялық инфрақұрылым болуы тиіс деді. Енді сырттан әкелінетін мал шаруашылығы өнімдері қатаң бақыланбақ. Бұл малдың санын арттырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет шара. Сондай-ақ биыл саланы несиелеуге 160 млрд теңге бөлінетіні белгілі болды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Мемлекет басшысы 2029 жылға қарай ауыл шаруашылығының жалпы өнімін екі есе арттыруды тапсырды. Осы орайда жыл сайын саланы субсидиялау мен несиелеу жүргізілуде. Биыл бюджеттен шамамен 160 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл бізге мал басының және мал шаруашылығы өнімдерінің тұрақты өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Саланың тұрақты жұмысы еліміздегі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге де тікелей байланысты.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Прокуратура күніне орай жасөспірімдер арасында дзюдодан жарыс өтті
06.12.2025, 17:26
«Шапағат–2025» Республикалық өнертабыстар байқауының жеңімпаздары анықталды
06.12.2025, 17:25
Шиелі ауданында әлеуметтік осал топтағы отбасыларға арналған жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді
06.12.2025, 17:25
Шымкентте еліміздегі алғашқы жедел қызметтердің әмбебап кешені ашылды
06.12.2025, 17:24
Кендірлі әуежайының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.12.2025, 17:23
Әкімдер кәсіптен түскен табыстың бір бөлігін ауыл игілігіне жұмсауды қолдайды
06.12.2025, 17:22
Түркістан облысында 34 инвестициялық жоба іске қосылды
06.12.2025, 17:15
БҚО-да жас ғалым түйе сүтінен балмұздақ жасап шығарды
06.12.2025, 17:10