Бангладештегі ұшақ апатының себебі мәлім болды
Бангладеште дүйсенбіде болған ұшақ апатына техникалық ақау себеп болған. Нақты қандай ақау екені қазір анықталып жатыр. Олқылықты көрген әуе көлігінің пилоты ұшақты адамы аз жерге қарай бағыттамақ болған. Бірақ, оқу-жаттығу кемесі ел астанасы Даккадағы екі қабатты мектеп кампусы ғимаратына құлады. 27 адам қаза тауып, 170-тен астам адам жараланды. Қайтыс болғандардың 25-і - бала, біреуі - ұшқыш. Ал зардап шеккендердің арасында 50 адамды күйік шалған. Олар ауруханада емделіп жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты Бангладеште бүгін аза тұту күні жарияланып, мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал ұшақ құлаған оқу орнының студенттері кампус жанында шеруге шығып, үкіметтен апатқа қатысты тергеудің ашық өтуін талап етті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07