Грузияда семсерлесуден Әлем біріншілігі басталды
Бүгін Грузияда семсерлесуден Әлем біріншілігі басталды. Жарысқа 111 елдің мыңнан астам спортшысы қатысуға ниет білдірген. Олар байрақты бәсекеде қылыш, найза, сапы жаттығулары бойынша өзара кіл мықтыны анықтайды. Қазақстан атынан 24 спортшы ел намысын қорғайды. Олардың арасында Олимпиада қатысушылары: Руслан Кұрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, Әйгерім Сарыбай бар. Тбилисидегі Әлем чемпионаты 30 шілдеге дейін жалғасады. Бүгін іріктеу сайыстары өтіп жатыр. Айта кетейік, 2023 жылы Миланда өткен әлем біріншілігінде Руслан Құрбанов жекелей сында қола медаль жеңіп алған еді. Бұл Қазақстан тарихындағы алғашқы жүлде.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақтөбеде ауыл жастарының спартакиадасы басталды
16.09.2026, 17:35
Жамбылда ақын-жазушылардың шығармалары аудио нұсқада жарық көрді
16.09.2026, 17:30
Атырау облысы Исатай ауданындағы ауылдарға жаңа мәдениет үйі қажет
16.09.2026, 17:27
Түркістан облысында сортаң жерге де терек өсіруде
16.09.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
16.09.2026, 17:22
Англияда туристерге салық салынуы мүмкін
16.09.2026, 17:20
Ресейде ірі мегаполистер қоқыс астында қалды
16.09.2026, 17:17
Нарықта мұнай бағасы құбылып тұр
16.09.2026, 17:15