Бангладеште болған ұшақ апатының себебі мәлім болды
Бангладеште дүйсенбіде болған ұшақ апатына техникалық ақау себеп болған. Нақты қандай ақау екені қазір анықталып жатыр. Олқылықты көрген әуе көлігінің пилоты ұшақты адамы аз жерге қарай бағыттамақ болған. Бірақ оқу-жаттығу кемесі ел астанасы Даккадағы екі қабатты мектеп кампусы ғимаратына құлады. 31 адам қаза тауып, 170-тен астам адам жараланды. Қайтыс болғандардың 25-і - бала, біреуі - ұшқыш. Ал зардап шеккендердің арасында 50 адамды күйік шалған. Олар ауруханада емделіп жатыр. Қайғылы оқиғаға байланысты Бангладеште бүгін аза тұту күні жарияланып, мемлекеттік ту төмен түсірілді. Ал ұшақ құлаған оқу орнының студенттері кампус жанында шеруге шығып, үкіметтен апатқа қатысты тергеудің ашық өтуін талап етті.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08