Гуманитарлық ұйымдар Газадағы аштықты тоқтатуға шақырды
111 халықаралық гуманитарлық ұйым Газа секторындағы жаппай ашаршылықты тоқтату үшін шаралар қабылдауға шақырды. Олар хат жазып, гуманитарлық көмектің палестиналықтарға жеткізілуін талап етіп отыр. Яғни, барлық құрлық өткелі ашылып, азық-түлік, таза су мен дәрі-дәрмек жеткізіліп, атыс дереу тоқтатуы тиіс. Хатта бейбіт халықты аштыққа ұшырату әскери қылмысқа теңелген. Ал Израиль болса, Газа секторын блокадаға алды деген айыптауды жоққа шығарды. Секторда гуманитарлық көмек тиеген 950 жүк көлігі БҰҰ-ның алып кетуін және палестиналықтарға жеткізуін күтіп тұр деп мәлімдеді. Осы айдан бастап анклав тұрғындарына гуманитарлық көмек таратумен АҚШ пен Израиль құрған қор айналысады. Алайда БҰҰ бұл мекемемен жұмыс істеуден бас тартты.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07