Қатар Олимпиада өткізуге өтінім берді
Қатар 2036 жылғы Жазғы Олимпиада және Паралимпиада ойындарын өткізуге үміткер атанды. Бұл туралы елдің Ұлттық Олимпиадалық комитеті хабарлап, тиісті құжаттарды Халықаралық Олимпиада комитетіне жолданғанын растады. Қатар соңғы жылдары спорттық инфрақұрылым мен ұйымдастырушылық әлеуетін жан-жақты дамытып келеді. Елдің премьер-министрі әрі Сыртқы істер министрі Мұхаммед бин Абдуррахман Әл Тани, Қатар бұл өтінім арқылы «бейбітшілік жолындағы спорт» қағидатын ұстанатынын және заманауи қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған инфрақұрылымы толық дайын екенін жеткізді. Егер Халықаралық Олимпиада комитеті өтінімді қабылдаса, Қатар Олимпиаданы өткізетін Таяу Шығыс пен Парсы шығанағы аймағындағы алғашқы мемлекет атануы мүмкін.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы Теміртауға жұмыс бабымен барды
02.11.2026, 17:00
Бельгиялықтар қазақ моделі А.Елшіннің мұрасымен танысты
02.11.2026, 13:19
«Таза Қазақстан»: Оқушылардың үздік жобасы анықталды
02.11.2026, 13:17
10 жылдан бері тоқтап тұрған су жобалары қайта қолға алынды
02.11.2026, 13:15
Түркістан облысының ауылында спорт кешені салынып жатыр
02.11.2026, 13:13
Жолдау-2026: Депутаттар өңірлерді аралауды бастап кетті
02.11.2026, 13:11
Депутаттар Жолдауды түсіндіруге атсалысады
02.11.2026, 13:10
Оңтүстік Корея ЖИ-ді дамытуға мол қаржы салмақ
02.11.2026, 13:07