Таиланд пен Камбоджа арасындағы қақтығыс ушыға түсті
Таиланд пен Камбоджа арасындағы қарулы қақтығыс үшінші күнге жалғасып жатыр. Екі жақтан 32 адам қаза тапқан. 200 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап, атыс болып жатқан аудандардан кетті. Екі жақ та қақтығыстың басталуына бірін-бірі айыптап отыр. Таиланд билігі Камбоджамен шектесетін 8 ауданда әскери жағдай жариялады. Қақтығыс соғысқа айналуы мүмкін деп мәлімдеді. Тараптар бір-біріне қарсы ауыр артиллерия қолдануға көшкен.
Ал Камбоджа халықаралық қауымдастықты Таиландтың басқыншылығын сынға алуға үндеді. Бұған қоса атысты дереу тоқтатуға шақырып, жағдайдың бейбіт түрде реттелуін қолдайтынын мәлімдеді. Екі ел арасындағы атыстың басталуына 1 ғасырдан астам уақыт бойы шешілмеген шекара мәселесі себепші.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08