Президент Қорғаныс министрін қабылдады
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрін қабылдады. Дәурен Қосанов Президентке алғашқы жарты жылдықта атқарған жұмыстары жайлы, атап айтқанда, армияның жауынгерлік дайындығы, көктемгі әскер қатарына шақыру науқанының нәтижелері, әскери қызметшілерді әлеуметтік тұрғыдан қамсыздандыру шаралары жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ әскердің ұтқырлық деңгейін арттыру, әуе шабуылына қарсы қорғанысты күшейту, әскери инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жөнінде баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарулы күштердің әлеуетін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеп, қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды.
Оңғар Алпысбайұлы
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстандық дәрігер көз емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
16.09.2026, 13:24
Қостанай облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы жүзеге асырылуда
16.09.2026, 13:18
Әлем нарығында мұнай бағасы құбылды
16.09.2026, 13:12
Ақтөбе облысында ЖРВИ жұқтырғандар 110 мыңнан асқан
16.09.2026, 13:09
Абай облысында заманауи медициналық нысандар салынды
16.09.2026, 13:06
Еліміз жылыту маусымына 93% дайын
16.09.2026, 13:03
Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының спикерімен кездесті
16.09.2026, 13:00
70 зертхана күрделі жөндеуден өтті
16.09.2026, 10:08